
Мемлекет басшысы Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады.
– Елена Рыбакинаны теннистен ең беделді Уимблдон турниріндегі керемет жеңісімен құттықтаймын. Ол финалға жетті!, - деп жазды Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққан болатын. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесіп, жеңіске жетті.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























