Превью: Елена Рыбакина - Симона Халеп

07.07.2022    Оқылғаны: 1296
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде жартылай финалдық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші бүгін елорда уақытымен сағат 20.00-де Бүкілағылшындық лаун-теннис клубының орталық кортында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингте 18-орында тұрған румыниялық Симона Халеппен шеберлік байқасады. Қарсыластардың бұған дейін өзара үш рет жолдары тоқайласқан. Есеп – 2:1, румыниялық спортшының пайдасында. Рыбакина 2019 жылы Уханьда (Қытай) С.Халептің матчты жалғастырудан бас тартуына байланысты жеңген еді. Ал Симона 2020 жылы Дубайда 3:6, 6:3, 7:6 (7:5) және өткен жылы US Open жарысының үшінші айналымында 7:6 (13:11), 4:6, 6:3 есебімен басым түскен. Соңғы екі ойын да аса тартысты өтті. Елена Ұлыбритания ашық чемпионатында жартылай финалға дейін Коко Вандевеге, Бьянка Андрееску, Чжен Циньвэнь, Петра Мартич және Айла Томляновичтан айласын асырды. Дода барысында ширек финалда ғана бір партия ұтылды.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер