Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы болып тіркелген Елена төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 80-орында тұрған хорватиялық Петра Мартичпен шеберлік байқасты. Бірінші партия барысында П.Мартич алға кеткенімен, Елена есесін жібермеді. Есеп 5:5 болған мезетте өз геймін алып, сетті брейкпен тәмамдады – 7:5. Екінші партияда Рыбакина сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:3. 1 сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың 4-еуін пайдалана білді. Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 37-ракеткасы, франциялық Ализе Корне немесе рейтингте 44-сатыда тұрған аустралиялық Айла Томляновичтің біреуімен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.03.2023
ҚТФ баспасөз қызметі