
Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирінің екінші айналымына шыға алмады
Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Ол америкалық Алексис Блохинаға есе жіберді – 3:6, 3:6. Бұл Сандуғаштың өз спорттық жолындағы алғашқы «Үлкен дулыға» жарысы еді. Дегенмен Сандуғаш Аружан Сағындықова және Жанель Рүстемовамен бірге Уимблдоннан кете қойған жоқ. Кенжебаева/Рүстемовамен, Сағындықова сербиялық Андреа Обрадовичпен бірге жұптық сында өнер көрсетеді. Жеребе бүгін тартылады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























