Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 52-орында тұрған қытайлық Синвэнь Женмен шеберлік байқасты. Бірінші партияда тай-брейкте Рыбакина сәттірек ойнады – 7:6 (7:4). Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте Елена брейк жасай алды – 6:5. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 7:5. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Елена «Үлкен дулыға» жарысының ширек финалына шығу үшін рейтингте 80-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичпен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.