Жанель Рүстемова Уимблдон турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық Жанель Рүстемова Уимблдон жасөспірімдер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
18 жасқа дейінгілер арасында әлемдік рейтингіде 145-орында тұрған Жанель алғашқы кездесуін іріктеу сайысының 11-ракеткасы болып тіркелген үндістандық Шрути Ахлаватпен өткізді. Қазақстандық жас теннисші бір сағатқа жуық уақыт ішінде қарсыласын ойсырата ұтты – 6:1, 6:1. Ертең елорда теннис мектебінің түлегі іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 78-ракеткасы, словениялық Эланалия Миличпен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
«Мен жасөспірімдер арасында «Үлкен дулыға» турниріндегі алғашқы матчымда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жақсы дайындалып, бапкердің нұсқауын ұстандым, бірінші болып шабуылдауға тырыстым. Бұл тактика өз жемісін берді. Ертеңгі қарсылас мықты, ол бәсекеде де өзімнің бар күшімді салатын боламын», деді Рүстемова.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.