Аружан Сағандықова мен Сандуғаш Кенжибаева Уимблдон жасөспірімдер турнирінде ойнайды

27.06.2022    Оқылғаны: 993
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық жас теннисшілер Аружан Сағындықова мен Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирінде ойнайды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Team Kazakhstan академиясының түлектері биылғы үшінші «Үлкен дулыға» жарысы - Ұлыбритания ашық чемпионатында бақ сынамақшы. Аружан мен Сандуғаш жекелей сында 2-10 шілде аралығында өтетін іріктеу сайысында өнер көрсетеді. Жарыс жеребесі 30 маусымда тартылмақшы. Осылайша, Аружан мен Сандуғаш Уимблдон жарысында алғаш рет ойнамақшы.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер