Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

27.06.2022    Оқылғаны: 62
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Сербияда Прокупле ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жарыстың бірінші ракеткалары Жібек Құламбаева мен үндістандық Пратхан Тхомбаре финалда испаниялық Лейре Ромеро - хорватиялық Тара Вюртпен ойнауы керек еді. Алайда Тара жарақат алып, кортқа шықпағандықтан, жеңіс қазақстандық-үндістандық жұпқа берілді. Осылайша, Жібек биылғы маусымда ITF додаларындағы үшінші, барлығы 17-інші титулына қол жеткізді. Сонымен қатар ол жекелей сында екі рет чемпион атанған еді. Алдағы аптада Жібек Нидерландыда Ден Хааг қаласында өтетін ITF W25 турнирінде бақ сынайды.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер