Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары белгілі болды

27.06.2022    Оқылғаны: 69
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бүгін басталатын «Үлкен дулыға» жарысы бұрынғылардан ерекше болмақ. Биыл бұл додада өнер көрсететін ойыншыларға WTA және ATP рейтингісінде ұпай берілмейді. Аталмыш жарысты ұйымдастырушылар Ресей және Беларусь теннисшілеріне санкция салғандықтан, осындай шешім қабылданды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бастапқы кездесуін мажарстандық Мартон Фучовичпен өткізсе, Михаил Кукушкин америкалық Дженсон Бруксбимен шеберлік байқасады. Қазақстанның әйелдер арасында бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір америкалық Коко Вандевегемен ойнаса, Юлия Путинцеваның қарсыласы - франциялық Ализе Корне. Жұптық сында Анна Данилина бұл додаға қатыспайды. Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге аустралиялық Джеймс Дакворт - америкалық Маркос Хиронға қарсы шығады. Андрей Голубев Денис Молчановпен бірге испаниялық Педро Мартинес - аустралиялық Джон-Патрик Смиттен өтуге тырысады.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер