Михаил Кукушкин Уимблдонда оныншы рет өнер көрсетеді

24.06.2022    Оқылғаны: 63
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Михаил Кукушкин Уимблдонда негізгі турнирге жолдама алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 160-ракеткасы Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 178-орында тұрған мажарстандық Жомбор Пирошпен күш сынасты. Қазақстандық теннисші төрт сетте 7:6 (7:3), 6:2, 4:6, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті. Үш сағат 35 минутқа созылған кездесуде Кукушкин 5 эйс жасап, 7 брейкке қол жеткізді. Осылайша, қазақстандық теннисші Уимблдонда оныншы рет өнер көрсетеді. Оның бұл «Үлкен дулыға» додасындағы үздік көрсеткіші 2019 жылы тіркелді. Сол жылы төртінші айналымға дейін жетіп, жапониялық Кеи Нишикориге есе жіберді.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Ол әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицтан ұтылып қалды - 3:6, 2:6.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер