Александр Бублик Истборн турнирінің ширек финалына өтті

23.06.2022    Оқылғаны: 846
Дереккөз: Дэвиса Кубогы
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 86-орында тұрған аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасты. Бублик бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екіншісінде қарқынын үдете түсті – 6:2. Бір сағатқа созылған матч барысында Бублик 15 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Қарсыласы эйспен де, брейкпен де көзге түсе алған жоқ. Александр жартылай финалға шығу үшін әлемнің 14-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер