Михаил Кукушкин Уимблдонда іріктеу сайысының финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 160-ракеткасы Михаил Кукушкин Уимблдон турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Кукушкин іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 230-орында тұрған германиялық, 38 жастағы Филипп Кольшрайбермен күш сынасты. Бірінші партияда тай-брейкте германиялық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Есесіне екінші сетте қазақстандық теннисші қарымта қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші партияда ол 2:0 есебімен алға кетті. Есеп 5:2 болып, матчқа доп бергенде, қазақстандық теннисші сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен содан соң мақсатына жете білді – 6:4. Екі сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Михаил 4 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 178-ракеткасы, мажарстандық Жомбор Пирошпен кездеседі. Оны жеңсе, биылғы үшінші «Үлкен дулыға» жарысына жолдама алады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.