Александр Бублик Истбурн турнирінің екінші айналымына шықты

21.06.2022    Оқылғаны: 1377
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн (Ұлыбритания) АТР 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші алғашқы бәсекесін әлемнің 28-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен өткізді. Осыған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, онда америкалық спортшының мерейі үстем болған еді. Бұл жолы бірінші партияда Ф.Тиафо басымдылық танытты – 7:5. Екінші сетте Александр тай-брейкте сәтті өнер көрсетті – 7:6 (7:4). Ал үшінші, шешуші парияда қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Бір сағат 50 минутқа созылған матч барысында қазақстандық теннисші 17 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

Бублик екінші айналымда әлемнің 86-ракеткасы, Astana Open 2020 жарысының чемпионы, аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасады.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер