Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады
Қазақстандық Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Әлемнің 160-ракеткасы Михаил іріктеу додасының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 173-орында тұрған италиялық Лоренцо Джустиномен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, онда Михаил басым түскен еді. Бұл жолы небәрі 52 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында төрт брейк жасай білді. Іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін Кукушкин әлемнің 230-ракеткасы, германиялық Филипп Кольшрайбермен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.