АҚШ-тағы турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі

17.06.2022    Оқылғаны: 1100
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев жекелей сында АҚШ-тың Канзас штаты Уичито қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев екінші айналымда америкалық Райан Шейнмен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші 1 сағат 25 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Доданың алтыншы ракеткасы Д.Евсеев тағы бір америкалық Ноа Шахтердан айласын асырды – 6:4, 6:2. Енді Д.Евсеев пен Б.Жукаев ширек финалда өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға шығады.

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында да жарыс жолын жалғастыруда. Олар ширек финалда ұлыбританиялық Дэвид Фокс – жапониялық Сюити Секигутиден өтуге тырысады.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер