Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде жеке рекордына қол жеткізді

13.06.2022    Оқылғаны: 1268
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 21-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 32-ден 33-ке сырғыды. Зарина Дияс 199-сатыда тұр. Жарақатына байланысты көгалдағы корттарда болатын жарыстарға, соның ішінде Уимблдон турниріне қатыса алмайтын Заринаның көрсеткіші бірте-бірте құлдырап барады. Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина 21-сатыда келеді. Жібек Құламбаева 280-нен 273-орынға көтерілді. Сөйтіп Жібек өзінің жеке рекордына қол жеткізді. Гөзал Айнитдинова 427-орында қалды.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер