Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың финалына шықты

04.06.2022    Оқылғаны: 1175
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Брешия (Италия) ITF W 60 жарысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жартылай финалда осы турнирдің үшінші ракеткалары, румыниялық Андрея Пришакариу - италиялық Камилла Розателломен шеберлік байқасты. Қазақстандық-латвиялық жұп бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті - 6:1. Матч бір сағат 18 минутқа созылды.

Құламбаева мен Марцинкевич финалда италиялықтар Нурия Бранкаччио - Лиза Пигато немесе швециялық Юлита Санер - болгариялық Юлия Пержийска жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер