Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде жарыс жолынан шығып қалды

29.05.2022    Оқылғаны: 915
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты. Бірінші партияда брейк жасаған Е.Рыбакина алда болды – 6:3. Екінші сетте қарсыласы артығымен есе қайырды – 6:1. Үшінші, шешуші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық спортшының брейк жасайтындай мүмкіндігі болды. Ақыры тай-брейкте жеңіс америкалықтың еншісінде кетті – 7:6 (10:3).


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер