Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты

26.05.2022    Оқылғаны: 744
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші аустралиялық Танаси Коккинакиспен бірге бастапқы кездесуін америкалық Натаниэль Ламмонс - поляк Камиль Майхшакпен өткізді. Қазақстандық-аустралиялық жұп бірінші партияда брейк жасап, сол басымдылықты сақтады - 7:5. Екінші сетте де тағы бір брейкпен матчты аяқтайтындай мүмкіндіктері болды. Дегенмен қарсыластары таразы басын теңестірді. Тай-брейкте Бублик пен Коккинакис жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:5). Сағат жарым уақытқа созылған матчта Бублик пен Коккинакис 11 эйс жасады.

Енді олар екінші айналымда италиялықтар Симоне Болелли - Фабио Фоньини немесе мажарстандық Мартон Фучович - америкалық Фрэнсис Тиафо жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер