Қазақстанның жас теннисшілері Ролан Гаррос турнирінде ойнайды

26.05.2022    Оқылғаны: 82
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілер Аружан Сағындықова мен Максим Батютенко жастар арасында Франция ашық чемпионатында ойнайды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Олардың екеуі де – Team Kazakhstan академиясының түлектері. Елордалық Аружан Сағындықова мен қарағандылық М.Батютенко аталмыш «Үлкен дулыға» турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды. Ролан Гарростың жастар арасындағы бәсекелері 29 мамыр – 4 маусым аралығында өтеді.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер