Юлия Путинцева мен Андрей Голубев Ролан Гаррос турнирінде бастапқы кездесулерін сәтті өткізді

25.05.2022    Оқылғаны: 1057
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінде бастапқы кездесулерін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Франция ашық чемпионатында Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Андрей Голубев корт иесі Фабрис Мартенмен бірге алғашқы айналымда аргентиналық Себастьян Баэс – бразилиялық Фелипе Мелигени Алвеспен ойнады. Бір сағат 21 минутқа созылған матчта қазақстандық-франциялық жұп 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды. Голубев пен Мартен екінші айналымда үндістандық Рохан Бопанна – нидерландылық Матве Мидделкоппен шеберлік байқасады. Т

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева жекелей сында бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 112-орында тұрған, негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған румыниялық Ирина Барамен кездесті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Ю.Путинцева эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ. Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Камила Джорджи немесе рейтингіде 41-сатыдағы қытайлық Чжан Шуайдың біреуімен кортқа шығады.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер