Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты

25.05.2022    Оқылғаны: 49
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 78-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен өткізді. Осыған дейін екеуі өзара бір рет ойнап, онда тәжіибелі Рус басым түскен еді. Бұл жолы Елена Рыбакина матчты қарқынды бастады - 6:1. Дегенмен екінші сетте нидерландылық спортшы есе қайырды - 7:5. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші таразы басын аудара білді - 6:2. Екі сағат 20 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 3 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Рыбакина екінші айналымда әлемнің 135-ракеткасы, америкалық Кэти Волынецпен шеберлік байқасады.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер