Александр Бублик Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 68-орында тұрған франциялық Артур Риндеркнехпен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, екеуінде де франциялық спортшы жеңген еді. Бұл жолы Александр Бублик 6:2, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта А.Бублик 16 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 эйспен ғана көзге түсті. Қазақтандық теннисші екінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы, сербиялық Миомир Кечмановичпен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
27.06.2022
ҚТФ баспасөз қызметі
24.06.2022
ҚТФ баспасөз қызметі