Ролан Гаррос турнирінде жұптық сынның жеребесі тартылды

24.05.2022    Оқылғаны: 51
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Франция ашық чемпионатында жұптық сындағы теннисшілерге де жеребе тартылды.

Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге америкалықтар Маккензи Макдональд - Томми Пол, Александр Бублик аустралиялық Танаси Коккинакиспен бірге америкалық Натаниэль Ламмонс - поляк Камиль Майхшакпен, Андрей Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге аргентиналық Себастьян Баэс - бразилиялық Фелипе Мелигени Алвеспен күш сынасады. Юлия Путинцева америкалық Даниэль Коллинзбен бірге румыниялық Моника Никулеску - бельгиялық Алисон Ван Эйтванкты, Елена Рыбакина ресейлік Людмила Самсоновамен бірге америкалықтар Кори Гауфф - Джессика Пегуланы, Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жапониялықтар Эри Ходзуми - Макото Ниномияны сынап көреді.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер