Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстанда турнирде үздік шықты

23.05.2022    Оқылғаны: 889
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қырғызстан Республикасының Чолпон-Ата қаласында бесінші санаттағы ITF Juniors жарысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Тараздық Анастасия Крымкова жекелей сында финалға дейін жетіп, ресейлік Эмилия Катцқа есе жіберді – 3:6, 2:6. Жұптық сында тағы бір қазақстандық Стефания Шалахова жеңімпаз атанды. Ол қырғызстандық Владислава Андреевскаямен бірге финалда тартысты бәсекеде Анастасия Крымкова – ресейлік Полина Болотованы ұтты – 1:6, 6:1, 10:8. Бозбалалар арасында Данир Қалдыбеков те жанкүйерлерін қуантты. Ол қазақстандық Олег Гусаковпен бірге соңғы бәсекеде отандасы Илья Ведмедь – өзбекстандық Артур Ибрагимовтен айласын асырды – 6:3, 7:6 (8:6).


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер