Александр Недовесов Франциядағы жарыстың финалына шыға алмады
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Лион (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге жартылай финалда осы жарыстың екінші ракеткалары, аргентиналық Максимо Гонсалес - бразилиялық Марсело Меломен шеберлік байқасты. Қазақстандық-пәкістандық жұп 5:7, 4:6 есебімен есе жіберді. Енді Александр 22 мамырда басталатын Ролан Гаррос турнирінде жұптық сында өнер көрсетеді.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер жұптық сында Шымкент челленджер додасында да финалға шыға алмады. Бейбіт Жукаев ресейлік Алибек Качмазовпен бірге жартылай финалда өзбекстандық Санжар Файзиев - грекиялық Маркос Каловелониспен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде қазақстандық-ресейлік жұпқа сәл-пәл сәттілік жетіспеді - 7:5, 6:7 (5:7), 5:10. Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге жапониялық Каичи Учида - даниялық Микаэль Торпегаардтан жеңіліс тапты - 4:6, 1:6.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі