Ролан Гаррос турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыласы анықталды
Франция астанасы Парижде Ролан Гаррос турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Франция ашық чемпионатында Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 76-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен ойнайды. Әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен кездеседі. Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик рейтингте 65-сатыдағы франциялық Артур Риндеркнехпен кортқа шығады.
Жұптық сынның жеребесі кейін белгілі болады. Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Ролан Гарростың негізгі додасы 22 мамырда басталып, 5 маусымда мәреге жетеді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.