Төрт айдан кейін тенниске қайта оралдым – Зарина Дияс

19.05.2022    Оқылғаны: 933
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Зарина Дияс төрт ай үзілістен кейін спортқа оралғанын мәлім етті. Ол өзінің кортта қайта өнер көрсете алатынына бақытты екендігін жеткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

«Денсаулығымдағы кінәраттан арылып, теннис кортына қайта шығуым – мен үшін кішкентай болса да жеңіс. Алдағы уақытта жұмыс көп. Ұдайы жаттығудан кейін жуырда өзімнің үздік қалпыма келемін деп ойлаймын. Осы кезде қолдау білдіріп, жылы сөз айтқан жанкүйерлерімнің бәріне алғысымды айтамын. Бұл спорттық жолымдағы қиындау кезеңде маған қанат бітірді», - деді Зарина Дияс.

Биыл 29 жасқа толатын Зарина Дияс жыл басындағы Аустралия ашық чемпионатынан кейін жарақат алып қалып, төрт айдай ойнаған жоқ. Бірнеше күн бұрын қазақстандық теннисші Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында қарсыласына жол берді.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер