Григорий Ломакин Шымкент турнирінің жартылай финалына өтті

19.05.2022    Оқылғаны: 967
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шымкентте өтіп жатқан BeeTV Challenger 80 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге бастапқы кездесуін норвегиялық Виктор Дурасович – ресейлік Иван Гаховпен өткізді. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Г. Ломакин мен Я. Бондаревский ширек фиралда румыниялықтар Николос Йонел – Филипп Жианумен ойнауы керек еді. Алайда, қарсыластарының бірі жарақат алып қалуына байланысты бұл кездесу өтпейтін болды. Сөйтіп, Г. Ломакин жартылай финалға жолдама алды.

Жекелей сында Бейбіт Жукаев екінші айналымда америкалық Эвану Жуға есе жіберді – 2:6, 3:6. Ал, Денис Евсеев жапониялық Каичи Учидадан ұтылып қалды – 6.7 (5:7), 6:3, 4:6. Д. Евсеев жұптық сында да жарыс жолын аяқтады.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер