Бейбіт Жукаев Шымкент турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстандық Бейбіт Жукаев Шымкентте өтіп жатқан BeeTV Challenger 80 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік рейтингте 491-орында тұрған Бейбіт Жукаев бастапқы кездесуін әлемнің 418-ракеткасы, үндістандық Саши Кумар Мукундпен өткізді. Ақтау қаласының түлегі, 21 жастағы теннисші бірінші партияда айқын басымдылық танытты – 6:1. Екінші сет тартысты өрбіп, тай-брейкте Бейбіт жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11). Бір сағат 41 минутқа созылған матч барысында Б.Жукаев 9 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді. Жукаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 463-ракеткасы, америкалық Эван Чжумен таласады. Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев екінші айналымда жапониялық Каичи Учидамен шеберлік байқасады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.02.2025
ҚТФ баспасөз қызметі