Александр Недовесов Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

17.05.2022    Оқылғаны: 229
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Александр Недовесов Лион (Франция) ATP 250 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Юго Бланше – Альбано Оливеттимен өткізді. Тартысты өткен матчта қазақстандық-пәкістандық жұп 7:6 (7:5), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қазақстан-Пәкістан жұбы жартылай финалға шығу үшін осы доданың 3-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенмен кездеседі.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер