Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады

17.05.2022    Оқылғаны: 904
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов Парижде Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Скатов іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингте 145-орында тұрған америкалық Митчелл Крюгермен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты. Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта Т.Скатов 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Тимофей іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін аргентиналық Родригес Таверна немесе словакиялық Филипп Хоранскидің біреуімен кездеседі.

Өкінішке орай Дмитрий Попко мен Зарина Дияс алғашқы айналымда қарсыластарын жол беріп. жарыс жолынан шығып қалды.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер