Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның жұптық сында бірінші ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге екінші айналымда аустралиялықтар Мэттью Эбден – Макс Перселмен күш сынасты. Аустралиялық жұп алғашқы айналымда грузиялық Николоз Басилашвили – тағы бір қазақстандық Александр Бубликті 6:4, 6:1 есебімен жолдан тайдырған болатын. Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық-аргентиналық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Олар екінші сетте де сол қарқынынын жаңылған жоқ – 6:4. Бір сағат 20 минутқа созылған матч барысында А.Голубев пен М.Гонсалес 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. А.Голубев пен М.Гонсалес Рим жарысының жартылай финалына шығу үшін уругвайлық Ариэль Бехар – эквадорлық Гонсало Эскобармен кезедеседі.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Рим турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі