Денис Евсеев Шымкент турнирінің жартылай финалына шықты

13.05.2022    Оқылғаны: 734
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында Шымкентте өтіп жатқан Beeline Challenger 80 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Евсеев ресейлік Александр Шевченкомен бірге ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, үндістандық Арджун Кадхе – украиналық Владислав Манафовпен күш сынасты. Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп басымдылық танытты – 6:4. Екіншісінде А.Кадхе мен В.Манафов есе қайырды – 6:3. Дегенмен супер тай-брейкте Д.Евсеев пен А.Шевченко сәтті ойнады – 11:9. Бір сағат 23 минутқа созылған матчта қарсыластар 7 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Д.Евсеев пен А.Шевченко финалға шығу үшін швейцариялық Антуан Белье – бразилиялық Габриэль Декамппен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге ширек финалда норвегиялық Виктор Дурасович – ресейлік Иван Гаховқа есе жіберді – 4:6, 3:6.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер