Юлия Путинцева Римде әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтты
Қазақстандық, әлемнің 40-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған Юлия екінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші, қазіргі 10-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте жеңімпазы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, испаниялық теннисші басым түскен болатын. Бұл жолы бірінші партияда Г.Мугуруса басымдық танытты – 6:3. Екінші сетте испаниялық спортшы матчқа доп бергенде, Ю.Путинцева қайрат таныта алды – 5:5. Сосын тай-брейкте таразы басын аудара білді – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші қарқынын тіпті үдетті – 6:1. Екі сағат 17 минутқа созылған матч барысында Ю.Путинцева 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті. Ю.Путинцева жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен кезедеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.