Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына шықты

11.05.2022    Оқылғаны: 849
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған америкалық Лорен Дэвиспен өткізді. Бұл олардың спорттық жолындағы өзара бірінші бәсекесі еді. Бірінші партияда Рыбакина 4:1 есебімен алға кеткенімен, қарсыласы таразы басын теңестірді – 4:4. Дегенмен, Елена тағы бір брейк жасап, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4. Екінші сетте қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матч барысында Елена 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қарсыласы 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алған жоқ. Рыбакина жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишкова немесе рейтингте 29-сатыдағы швейцариялық Хиль Белен Тайхманның біреуімен кезедеседі.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер