Денис Евсеев Шымкент турнирін жеңіспен бастады

11.05.2022    Оқылғаны: 992
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Денис Евсеев Шымкент Challenger 80 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 337-ракеткасы Евсеев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 416-орында тұрған үндістандық Сасикумар Мукундпен өткізді. Қазақстандық теннисші 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 38 минутқа созылды. Денис 3 эйспен бірге 20 брейк-пойнттың алтауын пайдалана алды. Қарсыласы 4 брейкпен көзге түсті. Д. Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскиймен таласады. Өкінішке қарай, басқа қазақстандық теннисшілер жарыс жолынан шығып қалды.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер