Елена Рыбакина Мадрид турнирінің ширек финалына өте алмады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Осы ірі жарыстың 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 35-орында тұрған швейцариялық Хиль Белен Тайхманмен күш сынасты. Қарсыластар бұған дейін бір-бірімен кортта кездеспеген болатын. Швейцариялық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті. Тайхманн екінші сетте қарқынын еселей түсті – 6:1. Бір сағат 16 минутқа созылған матч барысында Елена 6 эйс жасағанымен, 6 брейк-пойнттың біреуін де пайдалана алмады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.