Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердің финалисі атанды

02.05.2022    Оқылғаны: 1410
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілер халықаралық ITF турнирлерінің финалисі атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жібек Құламбаева Шымкентте мәреге жеткен жарыста жекелей сында финалда ресейлік Татьяна Барковамен кездесті. Жібек екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қарсыласына 2:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық жасөспірімдер де сәтті өнер көрсетті. Ташкентте 18 жасқа дейінгілер арасында төртінші санаттағы ITF додасында қарағандылық Әмір Омарханов финалға дейін жетіп, ресейлік Тихон Федоровқа жол берді – 3:6, 2:6. Сол Ташкентте қазақстандықтар Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова бас жүлде үшін үш сетке созылған бәсеке ресейліктер Арина Арифулина – Валерия Гунинадан ұтылды – 1:6, 6:3, 6:10.

Ыстанбұл қаласында үшінші санаттағы турнирде Ақтау теннис мектебінің түлегі Даниал Рахматуллаев жұптық сында чемпион атанды. Ол жапониялық Хиро Сакамотомен бірге финалда түркиялық Сулейман Дениз – малайзиялық Митцуки Канганы 2:6, 6:3, 10:6 есебімен тізе бүктірді.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер