Елена Рыбакина Мадрид турнирін жеңіспен бастады

29.04.2022    Оқылғаны: 1122
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жүлде қоры 6,5 млн еуродан асатын ірі жарыстың 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған франциялық Осеан Доденмен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Елена екі брейк жасап, айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Тартысты өрбіген екінші сет те Рыбакинаның пайдасына шешілді - 7:5. Бір сағат 20 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, 7 брейк-пойнтттың бесеуін өз есебіне жазды. Франциялық спортшы 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы, чехиялық Катерина Синякова немесе рейтингте 66-сатыдағы хорватиялық Ана Конюхтың біреуімен таласады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер