Шымкентте ATP Challenger Tour сериясының халықаралық турнирлері өтеді

29.04.2022    Оқылғаны: 753
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Коронавирус пандемиясына байланысты екі жылдық үзілістен соң шырайлы Шымкентке теннис мерекесі оралады.

Ұлттық теннис орталығының корттарында 8-14 мамыр және 15-21 мамыр аралығында қатарынан екі Challenger 80 турнирі өтеді: Beeline Challenger 80 және BeeTV 80 Challenger, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Турнирлердің жалпы жүлде қоры 106 240 АҚШ долларын құрайды. Айтулы додаға әлемдік рейтингтің ТОП-300 ойыншылары қатысады. Қазақстан намысын Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин және басқалар қорғайды.

Шымкенттегі Челленджер 2017 жылдан бері өткізіліп келеді және кәсіби ойыншылар арасында Қазақстандағы ең беделді жарыстардың бірі болып саналады. Әр жылдары осы турнирдің жекелей сынандағы жеңімпаздары: Литваның бірінші ракеткасы Ричардас Беранкис (2017 ж.), неміс Янник Ханфман (2018 ж.) және екі рет словак Андрей Мартин (2018, 2019 ж.) топ жарды.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер