Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық ширек финалда Гонконг құрамасымен күш сынасты. Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті Дамир Жалғасбай әперді. Ол қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін команда көшбасшысы Заңғар Нұрланұлына кезек келді – 6:4, 6:1. Ертең Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) жартылай финалда Оңтүстік Кореямен кездеседі. Оңтүстіккореялықтар тартысты матчта Үндістанды 2:1 есебімен жеңді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.