Мен қазақпын – Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик

28.04.2022    Оқылғаны: 880
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Мен қазақпын. Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик осылай айтты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Чемпионат сайты мәлім еткеніндей, Александр өзінде ресейлік төлқұжаттың жоқ екендігін жеткізді. «Қос азаматтыққа жол берілмейтіндіктен, менде ресейлік төлқұжат жоқ. Менің Ресей теннис федерациясымен ешқандай байланысым жоқ. Мен қазақпын, алты жылдай уақыт бойы елімнің намысын қорғап келемін. Мен Дэвис кубогында, Азия және олимпиада ойындарында Қазақстан атынан шығатынымды мақтан етемін», деді Александр Бублик.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер