Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гонконгпен ойнайды

28.04.2022    Оқылғаны: 621
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің ширек финалында Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бүгін қазақстандық жасөспірімдер D тобында Пәкстан құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Осылайша, өз тобында үш команданы да жеңген Қазақстан құрамасы ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды. Ертең қазақстандық жасөспірімдер жартылай финалға шығу үшін Гонконг командасымен таласады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер