Денис Евсеев Римде негізгі турнирге жолдама алды

26.04.2022    Оқылғаны: 676
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Денис Евсеев Рим (Италия) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Евсеев іріктеу сайыстарының финалында украиналық Владислав Орловпен кездесті. Қазақстандық теннисші бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті – 6:2. Екінші сетте алғашқы үш геймді қарсыласына беріп қойғанымен, дер кезінде жинала білді – 6:4. Осылайша, қазақстандық спортшы негізгі турнирге жолдама алды. Д.Евсеев жүлде қоры 45 мың еуроға бағаланған жарыстың алғашқы айналымында италиялық Алессандро Джанессимен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов Рим турнирінің бірінші айналымында осы доданың екінші ракеткасы, ұлыбританиялық Джек Дрейперге жол берді – 2:6, 1:6.


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер