Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Индонезияны ойсырата ұтты
Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағының топтық іріктеу сайыстары басталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Еліміздің жасөспірімдер құрамасы D тобында Индонезияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Дамир Жалғасбай Али Коста Рафалентиноны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Қазақстанның 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, Еуропа теннисі чемпиондық кестесінде көш бастап келе жатқан Заңғар Нұрланұлы Вишна Рангеден 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Жұптық сында Д.Жалғасбай Даниэль Тазабековпен бірге қарсыластарынан айласын асыра білді – 6:2, 6:3. Ертең қазақстандық жасөспірімдер Шри-Ланка құрамасымен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.