Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

25.04.2022    Оқылғаны: 919
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы топтық сайысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық құрама D тобында Индонезия, Шри-Ланка және Пәкістан командаларымен ойнайды. Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы кездесуін Индонезиямен өткізеді. Іріктеу матчтары 25-30 сәуір аралығында өтеді. Аталған командалық жарыста ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды. Құрама капитаны - Сергей Квак.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер