Юлия Путинцева Ыстанбұл турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Ыстанбұл WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Путинцева жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 122-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық теннисші үш брейк жасап, басымдық танытты – 6:2. Есесіне, екінші сетте 21 жастағы Анастасия есе қайырды – 6:2. Үшінші, шешуші партияда ресейлік теннисші есепті 5:1-ге жеткізіп, матчқа доп бергенде, Путинцева брейк жасай алды. Бірақ, одан әріге шамасы жетпеді – 2:6. Тартысты бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.