Юлия Путинцева Ыстанбұл турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Ыстанбұл WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Путинцева ширек финалда дүниежүзілік рейтингте өзінен он саты жоғары тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен күш сынасты. Бірінші партияны бір брейкті артық жасаған аустралиялық теннисші өз есебіне жазды – 7:5. Есесіне екінші сетті Юлия брейкпен бастап, сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:2. Қазақстандық теннисші үшінші, шешуші партияда да брейкпен алға кетті – 2:0. Ақыры осы басымдылығынан айырылмай, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Аса тартысты өткен бәсеке 2 сағат 45 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші жүлде қоры 251,7 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалына шығу үшін әлемдік рейтингте 122-сатыдағы ресейлік Анастасия Потаповамен кезедеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.