Юлия Путинцева Ыстанбұл турнирінің ширек финалына шықты

22.04.2022    Оқылғаны: 931
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Ыстанбұл WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 76-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар өзара бес рет кездесіп, соның үшеуінде қазақстандық спортшы басым түскен еді. Бұл жолы Юлия Путинцева Петерсонды 6:2, 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Юлия 1 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Юлия жартылай финалға шығу үшін әлемнің 41-ракеткасы, аустралиялық Айла Томляновичпен таласады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер